«Үміткер» реалити-шоуының екінші саны эфирге шықты (Толық нұсқа) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үміткер» реалити-шоуының екінші саны эфирге шықты (Толық нұсқа)

01.10.2017

Бүгін «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «Үміткер» реалити-шоуының екінші шығарылымы эфирге шықты. Жобаға  қатысып, лауазымды қызмет пен қомақты қаржыға ие болғысы келетін үміткерлер өткен аптадан бастап іріктеуден өтіп жатыр.  Бағдарламада бағын сынау үшін әу баста 10 мыңдай адам ниет білдірген еді. Түсірілім тобы солардың ішінен 80 адамды таңдап, кастингке шақырды.

Өткен аптадағы алғашқы шығарылымда сыннан сүрінбей өткендерге бүгін жаңа тапсырмалар берілді. Солардың бірі – түрі де, дәмі де таныс емес бірнеше тағам түрін 1 минуттың ішінде тауысуы керек. Қандай тағам дейсіз бе? Иттің бұқтырылған бұлшық еті, тырнақтары алынбаған тауықтың аяғы, экзотикалық құрт, белгісіз жануардың ішек-қарыны және ананас. Кейбір үміткерлер алдыларына тартылған астан  тартынбай, тапсырманы мүлтіксіз орындаса, енді бірі лоқсып, біреулері тіптен дәмін көруден де бас тартты.

Бағдарлама барысында семинар өткізіліп, қатысушыларға құнды кеңестер берілді.

Келесі сайыста қатысушылар әдістемелік сынақтан өтті. Үміткерлер құны 250 теңге тұратын түрлі бұйымдарды қымбат бағаға сатулары тиіс. Шарт бойынша бір сағаттың ішінде көп ақша тапқан қатысушы жеңіске жетеді.

Сонымен, бүгінгі сында жобадан тағы екі үміткер шығып қалды. Қалған 12 қатысушы Қуаныш Шонбаймен кездесуге мүмкіндік алды.

Еске сала кетейік, «Үміткер» бағдарламасы әр жексенбі сағат 18:05-те эфирге шығады.

Хабарламаларға жазылу