Мектептегі емтиханды тапсырып біткен түлектерді тағы бір сынақ ҰБТ күтіп тұр. Жоғары оқу орына түсемін деген талапкер болса сынақты еңсеруге міндетті. Еліміз бойынша биыл ҰБТ 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында өтеді.
2017 жылы 95340 оқушы ҰБТ-ді тапсыруға талап қылған. Биыл тестіде 120 сұрақ болады. Сұрақтардың көбісі логикалық тапсырмалар. Тестілеуге міндетті 3 пән және 2 таңдау пәні кіреді..
Биылғы мектеп түлектерінің дайындық барысымен журналист Айбар Төлжанұлы танысып, ҰБТ ерекшеліктерін бағамдады.