Жандарбек Мәлібеков: Киіз үй қашан пайда болса, қазақ сол кезде пайда болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Мәлібеков: Киіз үй қашан пайда болса, қазақ сол кезде пайда болды (ВИДЕО)

04.06.2017

Елтаңбаға байқау жарияланған кезде Жандарбек Мәлібеков Ташкентте еді. Бұл турасында ол былай дейді.

«Ауылдан Ташкентке туыстар келіп жататын. Содан газетте конкурс жарияланғанын маған әкеліп көрсетті. Алғашқыда көрдім де газетті қалтама сала салдым. Бірнеше күн өткеннен кейін алып қарасам, рәміздерге арналған конкурс екен. Үш ай уақыт берген.

Мен ол кезде басқа жұмыс істеп жүрген едім. Әмір Темірдің цитаделін жасауға дүниежүзілік конкурс жарияланған болатын. Соны қолға алған едім, жұмыстың жартысына келгенде тоқтатып, елтаңбаға кірістім. Көп ізденіс болды. Таңбалы тастарға барған кезде арбаның үстіндегі киіз үйлерді көрдім. Содан  киіз үй қашан пайда болса, демек, қазақ сол кезде пайда болды деген ой келді»,-дейді.

 

Хабарламаларға жазылу