Визит карточкасы қашан пайда болды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Визит карточкасы қашан пайда болды?

02.01.2016
Визит карточкасы қашан пайда болды?

Алғашқы визит карточкалары біздің дәуірімізге дейін пайда болған. Ежелгі Қытайда Чуньцю және Чжаньго династиясы билік құрған кезде мәдениет қарқынды дамыды.

Тарихшылардың зерттеуінше, дәл осы кезеңде визит карточкалары пайда болған. 

Тарихи құжаттар көрсеткендей, «визит карточкалары» алғашында ағаштан жасалған жұқа тақтайша ретінде хат жазуға пайдаланылған. 

Уақыт өте келе олардың орны жібек кесекшелермен ауысты. Онда өтініш беруішінің немесе жеткізушінің аты және оны жіберудегі мақсаты жазылды. Бұдан, олардың тек бір ретік пайдалануға арналғанын білуге болады.

Қазіргіге көбірек ұқсайтын визиткалар XVII ғасырдың ортасында Францияда XIV Людовик билігі кезінде қолданыла бастады. Олар суретшілерге арнайы тапсырыс беру арқылы жасалды.

Визит карточкаларын пайдалану тек XIX ғасырда кең тарала бастады. 

Хабарламаларға жазылу