Журналистер арасында балалар және балалық шақ тақырыбына қатысты ең үздік материалға байқау жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында балалар және балалық шақ тақырыбына қатысты ең үздік материалға байқау жарияланды

29.05.2017
Журналистер арасында балалар және балалық шақ тақырыбына қатысты ең үздік материалға байқау жарияланды

«Құқықтық медиа орталық» және Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) журналистер арасында балалар және балалық шақ тақырыбына қатысты ең үздік материалға байқау жариялайды.

 

Байқауға Қазақстандағы БАҚ-ның журналистері қатыса алады. Сайысқа 2017 жылдың 1 сәуірі мен 15 маусымы аралығында жарық көрген материалдар қабылданады.

 

Материалдар тақырыбы:

- Балалардың ерте есеюі, әжелер мен әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлі;

- Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан;

- Теңдік және инклюзия;

- ЮНИСЕФ-тің ағымдағы бағдарламаларының тақырыптары (тақырып таңдайда сарапшылар кеңесі қарастырылуы мүмкін).

 

Материал Отбасы күні (15 мамыр), Ата-аналар күні/Балалар күні (1 маусым), Әкелер күні (18 маусым)  сияқты халықаралық атаулы күндерге арналған болуы мүмкін.

 

Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде екі категория бойынша – электрондық БАҚ (телесюжеттер, интернет-сайттардағы материалдар) және баспасөз (газет, журналдар) қабылданады.

 

Жеңімпаздар 100, 80, 60 мың теңгенің көлеміндегі (1, 2, 3 орындар) ұтыстармен марапатталады. Байқау нәтижесі 28 маусымда анықталады.

 

Материалдарды 2017 жылдың 18 маусымына дейін mediastana@gmail.com электронды поштасына автор жөніндегі ақпаратпен (аты-жөні, жұмыс орны, телефоны) бірге жіберу керек немесе Медиа-орталықтың кеңсесіне (Астана қ., Отырар к-ші , 15, 504-кеңсе) алып келуі қажет. Хатқа «ЮНИСЕФ байқауы» деп көрсету шарт.

 

Қосымша ақпаратты 8 (717)-2-42-44-32 телефон нөмірі немесе mediastana@gmail.com электронды мекен жайынан біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу