«Нұр Сұңқар» республикалық байқауына қатысыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Сұңқар» республикалық байқауына қатысыңыз

12.06.2017
«Нұр Сұңқар» республикалық байқауына қатысыңыз

«Нұр Отан» партиясы журналистер арасындағы дәстүрлі «Нұр Сұңқар» республикалық байқауын жариялағаны туралы естеріңізге саламыз.

«Нұр Сұңқар» – партия мен БАҚ өкілдері арасындағы өзара әріптестікті нығайту мақсатында қазақстандық журналистерге берілетін жүлде. Қоғамның экономикалық, саяси және рухани жаңғыруына және партияның жұмысын ақпарат құралдарында насихаттауға белсене ат салысып жүрген барша журналистерді бақ сынауға  шақырамыз. Байқауға әртүрлі жанрдағы материалдар қабылданады.

Нақты айтқанда, 2016 жылдың 1 қыркүйегі мен 2017 жылдың 16 маусымы аралығында жарияланған очерктер, сұхбаттар, мақалалар, телевизиялық репортаждар, радио бағдарламалары, әлеуметтік зерттеу және тағы басқаларын жолдауға болады. Сондай-ақ, жарияланымдар мен бағдарламалар циклі де қабылданады.

Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2017 жылдың 16 маусымы (қабылдау күні). Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Астана қаласында 2017 жылдың 22 маусымында болады. Оларды 8 аталым бойынша байқау комиссиясы анықтайды.

Яғни, «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист марапатталады. Ал, «Сөз шебері» аталымы – ең үздік газет журналисіне, «Медиа-профи» аталымы – ең үздік интернет басылым журналисіне, «Аймақ айнасы» аталымы – ең үздік өңірлік корреспондентке, «Халық дауысы» аталымы – қазақ тілді ең үздік телевизиялық журналиске беріледі.

Одан бөлек, Елбасы бастамаларын халыққа түсіндіруге қосқан үлесі үшін және партия қызметі туралы ең үздік материал жазған журналистке де арнайы аталымдар тапсырылады.

Байқаудың ұйымдастыру комитеті: 010000, Астана қаласы, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппараты, Д.Қонаев көшесі, 12/1, №705 каб.,

Тел.: +7 (7172) 70-76-01, +7 (7172) 55-55-63

Электрондық пошта мекенжайы: nursunkar2017@nurotan.kz.

 

Хабарламаларға жазылу