Ертеңнен бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан жапондық «Қалампыр» телехикаясының көрсетілімі басталады.
Режиссерлері: Кенджи Танака, Фумитака Коджима. Басты рөлдерде: Курияма Тиаки, Нацуки Мари және Оно Матико.
Итоко 1913 жылы мата сатушының отбасында дүниеге келеді. Ол кезде батыстық киім үлгісі Жапонияға ақырындап ене бастаған кез болатын. Әкесінің шаруасы тұралай бастайды. Ал, Итоконың бар ойы - тігінші болу. Түрлі кедергілерге қарамастан батылдығы мен өжеттігінің арқасында ол өз мақсатына қол жеткізеді. Туындыны 16 мамырдан бастап сейсенбі-бейсенбі аралығында сағат 12:25-те көре аласыздар.