Ұлттық арнада бүгіннен бастап «Ораза қабыл болсын!» хабары эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арнада бүгіннен бастап «Ораза қабыл болсын!» хабары эфирге шығады

12.04.2021

Ертең күллі мұсылман жұрты үшін Қасиетті Рамазан айы басталады. Осыған орай, Ұлттық арнадан бүгіннен бастап «Ораза қабыл болсын!» бағдарламасы эфирге шығады. Хабардың алғашқы қонағы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы болды. Сұхбатты сағат 21:30-да көре аласыздар. Ал, ертеңнен бастап күнделікті 17:20-да өтеді. Бағдарламаға дін мамандары қатысып, Оразаны өткізу тәртібіне қатысты көп көкейіндегі сауалдарға жауап береді.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу