«Бүгін – жексенбі» бағдарламасы көрерменге түрлі қызықты ақпарат ұсынбақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бүгін – жексенбі» бағдарламасы көрерменге түрлі қызықты ақпарат ұсынбақ

26.04.2015
«Бүгін – жексенбі» бағдарламасы көрерменге түрлі қызықты ақпарат ұсынбақ

Ұлттық арнадан әр жексенбі сайын сағат 09:00-де эфирге шығатын «Бүгін – жексенбі» бағдарламасы ертең көрермен назарына түрлі қызықты ақпараттар ұсынбақ.

Жексенбілік таңғы бағдарламада әлеуметтік желіні жиі пайдаланатын ең жас депутат Алмас Тұртаев және «Астана Опера»  мемлекеттік опера және балет театрының солисі Сүндет Байғожин қонақта болады.

Сондай-ақ, бағдарламаға «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 23 сәуірден бастап көрсетіліп жатқан «Қыздар» телехикаясының басты  рөлдерін сомдаған әртістер қатыспақ. Студент жастардың қызыққа толы өмірінен сыр шертетін телехикая кейіпкерлерінің сұхбатын 26 сәуір күні Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Сынық салудың жаңа әдісін ойлап тапқан қазақ дәрігерін білесіз бе? Астанада өтіп жатқан сән апталығы, «Ағайындылар» тобының жаңа бейнебаяны, кино әлеміндегі жаңалықтар және басқа да қызықты ақпараттар ертең, 26 сәуір сағат 09:00-де «Бүгін – жексенбі» бағдарламасынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу