«Таңшолпан». 14 сәуірде Астанада «Ертөстік» мюзиклі қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 14 сәуірде Астанада «Ертөстік» мюзиклі қойылады

12.04.2017
«Таңшолпан». 14 сәуірде Астанада «Ертөстік» мюзиклі қойылады

Бүгін бағдарламаға «Ертөстік» атты мюзиклдың режиссері Есләм Нұртазин мен актер Саламат Мұқашев қонаққа келді.

«Өткен жылы біз «Достар серік» мюзиклін қойған болатынбыз. Одан кейін «Көрермендерге қызық болатындай қандай мюзикл қойсақ болады?» деген сұрақ туындады. Сосын жаңа жанрда, заманауи талаптарға сай  «Ертөстік» атты мюзиклді неге жасамасқа деп шештік. Кейін осы мюзиклді жаңадан жазып шықтық. Жаңа музыка, жаңа пъеса, жаңа актерлар, киім үлгілері, түгелдей 21 ғасырдағы көрерменнің талабына сай келетін туынды. Алайда, мазмұны сол қалыпта қалды», - дейді режиссер.

Хабарламаларға жазылу