«Тазалық сақшылары» және «Музыкатерапия» тобы жартылай финалға жолдама алды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тазалық сақшылары» және «Музыкатерапия» тобы жартылай финалға жолдама алды (ВИДЕО)

08.04.2017

«Ән салады мамандар» жобасының бүгін үшінші саны эфирге шықты. Жобада тазалықшылар, дәрігерлер және тігіншілерден құралған «Тазалық сақшылары», «Музыкатерапия», «Гаухар тас» топтары өзара бақ сынады. Байқау шарты бойынша бірінші топты қазылар алқасы шығарар болса, екінші топты жобадан көрермендер шығарады.

Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша «Гаухар тас» тобы жобадан шықты.  Ал, көрермендердің дауыс беру нәтижесінде «Тазалық сақшылары» оза шауып, жеңімпаз деп танылды. 

Бүгінгі бағдарламада ерекше жағдай орын алды. «Бірталай басымдықпен «Тазалық сақшылары» алда келетіні хақ, біз болашақта жақсы өнер көрсететіндей, үлкен мүмкіндігі бар топ ретінде келесі кезеңге «Музыкатерапия» тобын өткіземіз», - деді Арман Дүйсенов.

Осылайша, екі бірдей топ іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, жартылай финалға жолдама алды.

Хабарламаларға жазылу