«Астана опера» балетінің жетекші солисті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Тайыр Гатауов бағдарлама қонағы болды.
Мигель Сервантестің романы бойынша қойылған Л.Минкустың әйгілі «Дон Кихот» балеті 1-2 сәуір күндері «Астана Опера» театрының сахнасында қойылады. Басты партияларды ойнауға дайындалып жатқан талантты әртістердің бірі - Тайыр Гатауов (Базиль) бұл спектакльде алғаш рет өнер көрсетеді.