«Ла Скала» опера театры гастрольмен Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ла Скала» опера театры гастрольмен Астанаға келді

25.06.2014
«Ла Скала» опера театры гастрольмен Астанаға келді
Аты аңызға айналған «Ла Скала» театры гастрольмен Астанаға келді. Қазақстанға тұңғыш рет табан тіреген Миланның ең үлкен мәдени ордасы «Астана Опера» театрында Рудольф Нуреев редакциялаған Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балеттік спектаклін қояды.
 
Балет толығымен Дон Кихот пен оның атқосшысы Санчо Пансаның бастан кешкен оқиғаларына негізделген.
 
Италия әртістері «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.
 
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
                                                  

Хабарламаларға жазылу