«Classic» радиосы: Дубайда БАӘ-нің тұрғындары ұзақ уақыт күткен опера театры ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: Дубайда БАӘ-нің тұрғындары ұзақ уақыт күткен опера театры ашылды

05.09.2016
 «Classic» радиосы: Дубайда БАӘ-нің тұрғындары ұзақ уақыт күткен опера театры ашылды

 Дубайда БАӘ-нің тұрғындары ұзақ уақыт күткен опера театры ашылды. Жаңа театрдың сахнасында бірінші болып әйгілі испаниялық тенор Пласидо Доминго өнер көрсетті.

1

Дубайлық опера театрына 2 мың адам сыяды. Ғимарат арабтардың доу қайығының пішінінде салынған және ол Дубайдың ең танымал Dubai Downtown ауданында орналасқан.

2

Жаңа театрда опералық спектакльдер, концерттер, көркем көрмелер, оркестрлердің концерттері, фильмдердің таныстырылымы мен спорттық шаралар өтеді. 

Оның бағдарламасына сәйкес, театрда жуырда «Жизель» балеті, Хосе Каррерастың концерті өтеді. Сондай-ақ бағдарламада Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Слава Полуниннің «Мұздағы щелкунчик» шоулары қойылады.

Бүтіндей бір ауданның орталығына айналатын опера театрының ашылуы өңірдің мәдени өміріне тың серпіліс әкеледі деген сенім бар.

3

Дереккөз: Rambler

Хабарламаларға жазылу