Шахматтан Әлем чемпионы Динара Сәдуақасованың арманы қандай? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахматтан Әлем чемпионы Динара Сәдуақасованың арманы қандай? (ВИДЕО)

27.03.2017

Динара Сәдуақасова спорттың осы түріне 5 жастан әуес болған. Сол себепті елімізде әйелдер арасында ең жас гроссмейстер атанған. 20 жастағы спортшының жетістіктері аз емес. 2014 жылдың жазында Динара өзінің «Шахматтағы алғашқы қадамдар» атты кітабын жарыққа шығарды.  

«Шахмат ойнауыма ата-анамның ықпалы өте зор болды. Отбасымда ағам, әпкем шахмат ойнайтын. Бала кезімде шахматқа қатты қызықтым деп те айта алмаймын. Кейіннен жеңіске жете бастағаннан кейін болашағымды шахматпен байланыстырдым. Мен үшін ең ыстық байқау - ол Үндістанда өткен ойындар. Онда мен төртінші рет Әлем чемпионы болдым», - дейді Динара.

 

«Әйел бақыты»

Хабарламаларға жазылу