Мұрат Қожа: Терме орындайтынымды көп ел біле бермейді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұрат Қожа: Терме орындайтынымды көп ел біле бермейді (ВИДЕО)

27.02.2017
Мұрат Қожа: Терме орындайтынымды көп ел біле бермейді (ВИДЕО)

Әнші Мұрат Қожа «Бүгін жексенбіде» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Сахнаға эстрада бағытындағы әндерді айтып шыққан соң, термені көп орындай бермеймін. Менің терме айтатынымды көбі білмеген соң, дәстүрлі ән кештеріне, терме кештеріне шақырмайды. Бірақ, жеке кештерде термені үнемі орындаймын»,-дейді әнші.

Дуэттің қайта құрылуына қатысты ойымен бөліскен әнші:

«Кейбір кештерде, отырыстарда «Нұрлан мен Мұраттың орындауында бір-екі ән айтып жіберіңіздер», деген көпшіліктің сұрауы жиілеп кетті. Содан бір күні әңгімелесіп отырып, дуэтті қайта өмірге әкелсек деген ой туды. Осылайша, қайта құрылдық»,-дейді.

«Бүгін жексенбінің» мұрағаты

Хабарламаларға жазылу