Нұрлан мен Мұрат тобы қайта бірікпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан мен Мұрат тобы қайта бірікпек

17.09.2015
Нұрлан мен Мұрат тобы қайта бірікпек

«Көпшіліктің сұрауы бойынша топты қайта құруды жөн көрдік. Нұрлан мен Мұрат халықтың есінде жақсы қалған. Себебі, мені жеке Мұрат Қожа немесе «Каспийдегі» Мұрат десе тани қоймайды.

Бәрі Нұрлан мен Мұраттағы Мұрат деп біледі. Сол себепті, топты жаңғыртуды қолға алғалы отырмыз. Оның үстіне келер жылы Нұрлан мен Мұраттың құрылғанына 20 жыл толады. Сол жиырма жылдыққа дайындалып жүрміз. Қазір ән таңдау үстіндеміз. Кешті әдеттегідей емес, ерекше шоу ретінде ұйымдастырмақпыз»,-дейді Мұрат Қожа.

«Шәкірт тәрбиелеуге әлі дайын емеспіз. Себебі, әрқайсымыздың өз шығармашылығымыз бар. Мысалы, Мұраттың дәстүрлі ән айтатынын халық біле бермейді. Қазір ол осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Сол сияқты менің де жеке жұмыстарым бар. Оған қоса Нұрлан мен Мұраттың ортақ жұмыстары бар»,-дейді Нұрлан Бөлекбайұлы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу