Қаллеки театры балаларға «Бразилия байлығы» атты ертегіні тарту етті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаллеки театры балаларға «Бразилия байлығы» атты ертегіні тарту етті (ВИДЕО)

15.01.2015
Қаллеки театры балаларға «Бразилия байлығы» атты ертегіні тарту етті (ВИДЕО)

Қалибек Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры Астананың кішкентай тұрғындары үшін жаңа қойылым ұсынды. Бұл жолы театр ұжымы балаларға «Бразилия байлығы» атты ертегіні тарту етті.

Бразилиялық жазушы Мария Машадудың пьесасын қойылым режиссері Әлімбек Оразбеков аударған.

«Ертегі мектебінен өткен әріптестерімнің айтуынша, ертегі арқылы әртіс өседі, өзін-өзі көрсетеді. Шынымен де, бұл өте қызықты дүние екен. Ертегінің ең кереметі – оның көрермені. Өйткені балалар толқып, кейіпкерлермен  бірге қуанып, жаны ашып, атсалысып отырады», - дейді актер Шах-Мұрат Ордабаев.

Толығырақ сюжеттен біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу