Жылдың үздік спортшысы кім? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдың үздік спортшысы кім? (ВИДЕО)

27.12.2016
Жылдың үздік спортшысы кім? (ВИДЕО)

Олимпиадаға қатысып, жүлде алған әр спортшының орны бөлек. Жылдың ең таңдаулы спортшысы кім деген сауалға спорт журналисі Нұрғазы Сасаев былай дейді.

«Жүзу спорты бұл – өркениетті елдердің спорты. Дамушы елдерге қарағанда, спорты дамыған елдердің спортшылары ғана топ жарып жүр. Биыл солардың бәрін шаң қаптырып, Баландин алтын медаль алып берді елімізге. Бұл  өте үлкен жетістік. Сондықтан, меніңше, Баландинге тең келер спортшы жоқ.

Дмитрийді мен Азия ойындарында көрдім. 2014 жылғы Азия ойындарында Баландин Қазақ елінің қоржынына 3 «алтын» салды. Мұндай ойындарда үш «алтын» салу деген бұрын-соңды болмаған».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу