Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа «Жылдың үздік облыс әкімі» сертификаты табыс етілді

28.01.2016
Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа «Жылдың үздік облыс әкімі» сертификаты табыс етілді

Жуырда төрт аталым бойынша өткізілген («Жылдың үздік спортшысы», «Жылдың үздік әншісі», «Жылдың үздік жоғары оқу орны», «Жылдың үздік облыс әкімі») жобасының қорытындысы шығарылып, оған сәйкес «Жылдың үздік облыс әкімі» аталымында Алматы облысының әкімі Амандық Ғаббасұлы Баталов үздік деп танылған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Осы марапаттың сертификатын Амандық Ғаббасұлына Президент сыйлығының иегері, «Президент және халық» газетінің бас редакторы Марат Тоқашбаев тапсырды.

Өңір басшысы жоба авторларына облыстың жұмысын оң бағалағандарына рахмет айтты. «Бұл тек жалғыз менің емес, біздің ұжымның, облыс халқының бірлесіп көтерген жүгі, атқарған ісі. Сондықтан бұл марапат маған емес, облысқа беріліп отыр деп білемін», - деді А.Баталов.

Хабарламаларға жазылу