Елбасы: Телевизия арқылы жастар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты дәріптеу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы: Телевизия арқылы жастар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты дәріптеу қажет

30.11.2016
Елбасы: Телевизия арқылы жастар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынасты дәріптеу қажет

Елбасы Ұлттық арнаның «Түнгі студия» бағдарламасында қонақта болып, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам тәрбиесіндегі рөлі туралы ойларымен бөлісті.

Нұрсұлтан Назарбаев:

Күніне 300-400 құжатқа қол қойылады. Көп ойлану қажет. Барлығының шешімін шығару керек. Бұл - оңай шаруа емес.

Үйге келіп, теледидар қарап отырсаң басқа дүниенің бәрін ұмытасың. Ойыңды тазартады. Жақсы дүние естудің өзі - ғанибет. Адамға ең қажетті нәрсе - жаңа нәрсе үйрену. Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі мақсаты – үйрету, оқыту болса керек.

Бұған дейін талай қиын-қыстау кезеңдерден өттік. Бұрынғы саясат, бұрынғы тәжірибе кетті. Телевизия арқылы жастар арасындағы қарым-қатынастың, үлкендермен байланыстың қалай болуы керектігін үйрету керек.

Хабарламаларға жазылу