Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуіне қатысып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативтік кездесуіне қатысып жатыр

06.08.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекет басшыларының консультативті кездесуіне қатысып жатыр. Келелі кеңес Түрікменстанның Аваза ұлттық туристік аймағында өтуде. Жиын алдында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен екі жақты кездесу өткізіп, мемлекеттер арасындағы достық байланысты айрықша атап өтті. Сондай ақ кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-саттық көлемін арттыру, мәдени қарым-қатынасты нығайту жайы сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Түрікменстан - Қазақстан үшін стратегиялық серіктес. Ұзақ мерзімді, ауқымды ортақ жобаларымыздың саны көп. Алдағы кездесулерде де екіжақты қарым-қатынасты нығайту бағытына баса назар аударамыз. Бүгінгі талқылау мен қабылданатын құжаттар мемлекеттеріміздің қарым-қатынасын нығайтуға жаңаша серпін беретініне еш күмјн жоқ.


Хабарламаларға жазылу