Тауар белгісін заңсыз қолдануға өтемақы қарастырылатын болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тауар белгісін заңсыз қолдануға өтемақы қарастырылатын болады

22.11.2016
Тауар белгісін заңсыз қолдануға өтемақы қарастырылатын болады

Әділет министрі Марат Бекетаевтың айтуынша, бүгінгі Үкімет отырысында қаралған зияткерлік меншік саласындағы заң жобасында тауар белгісін заңсыз қолданғанына байланысты өтемақы алу үшін құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз етуге арналған нормалар қаралған.

«Авторлық құқық туралы» Заңда авторлық туындыны заңсыз қолданғанына байланысты автордың құқық бұзушыдан өтемақы алу құқығы қаралған. Сонымен қатар, тауар белгісінің иесі мұндай құқыққа ие бола алмайды», - деді министр.

Осыған байланысты, ҚР Азаматтық Кодексіне құқық бұзушыдан келтірілген шығынның орнына сот бекіткен 500-ден 10 000 АЕК-ге дейінгі көлемде немесе заңсыз тауар белгісі орнатылған тауардың құнынан екі есе өтемақы талап ету жөнінде тауар белгісі иесінің құқығы туралы толықтырулар енгізіледі.

Еске сала кетейік, «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы зияткерлік меншік саласындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу