Бүгін - Дүниежүзілік пошта күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Дүниежүзілік пошта күні

07.10.2016
Бүгін - Дүниежүзілік пошта күні

9 қазан, жексенбі, 2016 жыл

Дүниежүзілік пошта күні

1957 жылы болған бүкілдүниежүзілік пошта одағының 14-ші конгресінің шешімі бойынша, 1874 жылы пошта одағының құрылған күніне орай атап өтіледі.

роь

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

285 жыл бұрын (1731) Әбілқайыр хан бастаған Кіші жүз қазақтары Ресейге қосылды.

24 жыл бұрын (1992) тарихшы Халифа Алтайға «Ата жұрттан Анадолыға дейін» атты кітабы үшін Қазақстан Жазушылар одағының «Алаш» сыйлығы берілді.

4 жыл бұрын (2012)   Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына 20 жыл толуына орай 14 аталыммен басылымдар жарыққа шықты.

лд№ю

151 жыл бұрын (1865) бильярд шарына патент алынды. Өнертапқыш Джон Уэсли Хайятт белгілі бір пішінге келтіруге болатын синтетикалық материалды ойлап тауып, одан бильярд шарын жасады. Бұған дейін бильярд шарын піл сүйегінен жасап келген болатын.

робд

142 жыл (1874) бұрын Дүниежүзілік пошта одағы құрылды.

132 жыл бұрын (1884) Чикагодан Левант Ричардсон роликті конькиді паттенттеді.

ложлдж

 

Хабарламаларға жазылу