Бүгін Алматы қаласындағы «Алматы Арена» мұз сарайында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Жыл таңдауы» ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесі табысталады.
Бұл - шоу-бизнес көшіне енді ілескен жаңа есімдер, сахна саңлақтары, хит-парад төрінен алыстамайтын жұлдыздардың бас қосып, көрерменге есеп беретін кеші. Сонымен қатар, бүгінгі ғаламат шоуда жылдың үздік əні таңдалады.
Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған.
Кештің сыйлы қонақтары - «Istersern» əнімен миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған түрік әншісі Бурай мен Қытай халқын мойындатқан қазақ баласы Арай.
Естеріңізге саламыз, kaztrk.kz порталы арқылы кешке көрермендер арасында тегін билеттер ойнатылды.
Шараның басталуы: 18:00-де.