«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Тұмар» телевизиялық бәйгесінде үздіктер қатарынан көрінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Тұмар» телевизиялық бәйгесінде үздіктер қатарынан көрінді

17.03.2017

Бүгін еліміз тарихында тұңғыш рет «Тұмар» ұлттық телевизилық жүлдесі  табысталды. Байқауға 200-ден астам өтінім келіп түскен. Ұйымдастырушылар додаға еліміздің барлық өңірі қатысқанын айтып отыр.

Басты мақсат – ең сапалы әрі өзекті телевизиялық өнімді анықтап, өндірісте жүрген таланттарды таныту.  Бәйгеге бір жыл ішінде эфирге шыққан жобалар қатысты. Әрине, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы бірнеше аталым бойынша үздіктер қатарынан көрінді.

Жеңімпаздар есімі телевизия тарихында алтын әріппен таңбаланбақ.

«Үздік әлеуметтік жоба» аталымында «Айтуға оңай...» бағдарламасы, үздік аймақтық бағдарламалар арасынан «Атырау-Қазақстан» арнасының «Адасқандар» тележобасы, ал, үздік балғындар бағдарламасы аталымында балақайлардың басты арнасы «Балапан» жеңіске жетті.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу