Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді

20.10.2016
Қазақстан Президенті Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Сириядағы қақтығысты реттеуге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Араб әлемі елдеріндегі хабар таратушы ірі компанияның бірі болып саналатын CNBC Arabia – қаржы-экономика тақырыбына бейімделген, өңірлік және халықаралық ауқымдағы басты оқиғаларды жариялап-көрсетуге маманданған телеарна.

Хабарламаларға жазылу