Бүгін - Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев  дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев  дүниеге келген күн

18.10.2016
Бүгін - Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев  дүниеге келген күн

19 қазан,  сәрсенбі, 2016 жыл

Қазақстандағы Құтқарушылар күні

Құтқарушылар күні Қазақстанда қазанның 19-да атап өтіледі. Бұл күн елімізде Төтенше жағдайлар жөніндегі орталық мемлекеттік комитеттің құрылуымен байланысты. 

прь

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

88 жыл бұрын (1928) Қарағанды облысындағы Қарсақбай елді мекенінде Жезқазған тау-кен металлургиялық комбинаты («Жезқазғантүстімет» акционерлік қоғамы) құрылды.

59 жыл бұрын (1957) Петропавл қаласында алғаш рет облыстық ақындар айтысы өтті.

об

27 жыл бұрын (1989) Семей полигонында соңғы (221-ші) ядролық жер асты жарылысы жүргізілді.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын 
(1901-1965)  медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақстанда физиологтар ғылыми мектебінің негізін салушы, Бүкілодақтық физиологтар қоғамының Қазақ филиалын құрушы және оның алғашқы төрағасы, Қазақ республикалық «Білім» қоғамын құрушылардың бірі Александр Порфирьевич ПОЛОСУХИН  дүниеге келді.

92 жыл бұрын (1924-1988) Рейхстагқа 1945 жылғы сәуірдің 30-да бірінші болып Жеңіс туын тіккен қазақ офицері, Халық қаһарманы Рақымжан ҚОШҚАРБАЕВ  дүниеге келді.

обро

91 жыл бұрын (1925-1988) ақын, жазушы Тоқаш БЕРДИЯРОВ  дүниеге келді. 

иса

90 жыл бұрын (1926-1977) эпидемиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор  Нұрғазы Идашұлы КЕРЕЕВ дүниеге келді.

86 жыл бұрын (1930) медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі эксперттер комитетінің мүшесі Төрегелді Шарманұлы ШАРМАНОВ  дүниеге келді.

жю

86 жыл бұрын (1930) ақын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мыңбай Ахметкәрімұлы РӘШ  дүниеге келді.

птап

85 жыл бұрын (1931-2000) философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның корреспондент-мүшесі Ағын Хайроллаұлы ҚАСЫМЖАНОВ  дүниеге келді.

70 жыл бұрын (1946-1992) Қазақстанның ұлттық кәсіпқой қолданбалы қолөнері негізін қалаушылардың бірі, КСРО Суретшілер одағының мүшесі Батырбек Туғанбайұлы ӨТЕП  дүниеге келді.

60 жыл бұрын (1956) жазушы, драматург Рахымжан ОТАРБАЕВ  дүниеге келді.

лд№л

154 жыл бұрын (1862-1954) француз өнертапқышы, киематографты құрушы айындылардың үлкені Огюст ЛЮМЬЕР дүниеге келді.

134 жыл бұрын (1882-1916) итальян суретшісі, мүсіші және футуризм теоретигі Умберто БОЧЧОНИ дүниеге келді.
 

Хабарламаларға жазылу