Бүгін — Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін — Рақымжан Қошқарбаев Рейхстагқа ту тіккен күн

30.04.2020

Бүгін — Рақымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні. Бірақ тарих беттеріне басқа адамдардың аты-жөні жазылып, ердің ерлігі көп жылдар бойы еленбей келді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның Халық қаһарманы атағы беріліп, кейін сұрапыл соғысқа соңғы нүкте қойғаны расталды.

Кеңес үкіметі өзге ұлттардан батыр шыққанын қаламағаны белгілі. Тіпті Рақымжан Қошқарбаевтың қаһармандығы тарихтан өшіріліп кете жаздаған кезең болған. Бірақ Кәкімжан Қазыбаевтың шығармалары тарих елегінде елеусіз қалған Қошқарбаевтың ерлігін жаңғыртты.

Осылайша, тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы мамырдың 7-сінде Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығымен Рақымжан Қошқарбаевқа Халық қаһарманы атағы беріледі. Ал Ресейдің Әскери тарих институты Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатовтың 1945 жылдың 30 сәуірінде Рейхстагқа ту тіккені туралы тарихи оқиғаны 2007 жылдың 7 мамырында ресми түрде растады.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу