21 қазанда Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс: тарихи маңызы, тағылымы мен зерттеудің перспективалары» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды ТарМПИ-дың Ақпараттық-имидждік қызметі.
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске 100 жыл толуына және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған алқалы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, еліміздегі ғылыми мекемелердің басшылары, танымал тарихшылар мен белгілі ғалым-зерттеушілер қатысады.
Конференция жұмысы төрт бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқанда, «1916 жылғы көтерілістің әдістемесі мен теориясы», «1916 жылғы көтерілістің тарихи тағылымдары», «1916 жылғы көтеріліс халық ауыз әдебиетінде» және «1916 жылғы көтеріліс аймақтық тарихта».
Конференция барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, келіп түскен материалдар негізінде арнайы жинақ шығарылмақ.