2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді

25.12.2015
2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді

Жаңа 2016 жылы Алматы өзінің мыңжылдығын атап өтеді. Қалалық Ішкі саясат  басқармасынан хабарлағандай, бұл тарихи оқиға ЮНЕСКО-ның мерейтойлық атаулы күндер тізіміне енді.1929 жылдан бастап, 70 жылға жуық уақыт ол Қазақ КСР-нің, ал 1991 жылғы желтоқсаннан - Тәуелсіз Қазақстанның астанасы болды.

Мұнда еліміз өміріндегі маңызды шешімдер қабылданды. Алматыда 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің және «Алашорда» қозғалысының жүз жылдығы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларының 30 жылдығы, Семей полигоны жабылуының 25 жылдығы және Қазақстанның көптеген белгілі тұлғаларының ірі мерейтойлары кең көлемде аталып өтпек.

Хабарламаларға жазылу