Мәдина Сәдуақасованың концертіне билет ұтып алғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдина Сәдуақасованың концертіне билет ұтып алғандар анықталды

13.10.2016
Мәдина Сәдуақасованың концертіне билет ұтып алғандар анықталды

Биыл қазақ эстрадасындағы жарық жұлдыздардың бірі Мәдина Сәдуақасованың сахнада жүргеніне – 20 жыл. Осыған орай әнші «Жұлдызым» атты шығармашылық кешін өткізбек.

20 қазан күні Алматыдағы Республика сарайында өтетін концерт әншінің еліміздің үлкен сахнасы төріндегі алғашқы есеп беру кеші болмақ.

Аталмыш кешке kaztrk.kz порталы билеттер ойнатқан болатын. Ойын шарты әншінің шығармашылығынан үш сұрақ қойылады. Сұрақтарға дәл жауап берген оқырман екі билет иегері атанады. 

Назарларыңызға жеңімпаздар тізімін ұсынамыз! 

@montanaeva.laylya
@almakhanovna1712
@gulsina.sisengalieva
@___airin
@bota.akhmet
@elmira_montanayeva

Хабарламаларға жазылу