«Сәлем, Қазақстан!». Мадина Сәдуақасованың кешіне билет ұтып алғандар анықталды! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сәлем, Қазақстан!». Мадина Сәдуақасованың кешіне билет ұтып алғандар анықталды!

15.09.2016
«Сәлем, Қазақстан!». Мадина Сәдуақасованың кешіне билет ұтып алғандар анықталды!

Әр бейсенбі сайын «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында «Қазмедиа орталығында» отандық әншілердің жеке шығармашылық кештері ұйымдастырылады. Жобаның жаңа маусымында Мақпал Жүнісова, Ғаділбек Жаңай және «Орда» тобының концерттері өтті.

Ендігі кезекте қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Мадина Сәдуақасова көрерменге концертін ұсынбақ.  Кеш қонағы – Қарақат Әбілдина. Жүргізушілер – Ерке Есмахан, Олжас Рымбаев,  Данияр Жұмаділов.

kaztrk.kz порталы 15 қыркүйекте өтетін концертке әдеттегідей билеттер ойнатқан болатын.  Ол үшін  осы жазбаны әрбір  оқырман Инстаграм әлеуметтік желісіндегі өз бетіне бөлісіп (репост жасап), мейлінше көп лайк жинауы тиіс еді.

Ұйымдастырылған байқау бойынша билет иегерлері анықталды!

Олар:

@arailym.astana

@al_khalimu

@s_anelya01

@impresario_kz

@pakanek

Айта кетейік, кеш Астанадағы «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында  сағат 19:00-де өтеді.   

Хабарламаларға жазылу