«Қарақат мектеп студиясының» концертіне билет ұтып алғандар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарақат мектеп студиясының» концертіне билет ұтып алғандар анықталды

12.10.2016
«Қарақат мектеп студиясының» концертіне билет ұтып алғандар анықталды

14 қазанда «Сәлем, Қазақстан!» жобасының  кезекті түсірілімінде  «Қарақат мектеп студиясы» өнер көрсетеді. Танымал әнші Қарақат Әбілдина жетігенді жетік меңгерген жеткіншектермен түрлі ән орындайды.  Ал, кеш қонағы – Қыдырәлі Болман.

Кеш жүргізушілері  – Тәуекел Мүсілім және Ерке Есмахан.

Әнсүйер қауым үшін  kaztrk.kz порталы аталмыш кешке әдеттегідей билет ойнатқан болатын. Ойын шарты бойынша, оқырман Инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланған осы жазбаға әншіге қатысты сауал жолдауы қажет еді.

Назарларыңызға жолдаған сұрақтары үздік шыққан оқырмандар тізімін  ұсынамыз!

  1. @lazzat______  (Қыдырәлі ағамыз тосынсый жасап тұра ма?)
  2. @zhaniya77 («Қарақат мектеп студиясын» ашу туралы ой қалай келді?)
  3. @akku.gakku («Қарақат мектеп студиясының» басқа мектептерден айырмашылығы неде?)
  4. @donerbaeva_a (Сахналық киімдеріңізді кім тігеді?)
  5. @mytypday  (Қарақат xаным, елдің әлеуметтік жағдайынан қаншалықты сауаттысыз?)
  6. @gulsara_anuarova (Сіз дүкен аралауга барғанда ең бірінші кімге киім аласыз? Қандай дүниеге көзіңіз бірден түседі?)

Хабарламаларға жазылу