Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, жоғары деңгейде өткен келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады.
Екі ел көшбасшылары Қазақстан мен Өзбекстанның бертіндегі үкіметаралық байланыстарының оң нәтижелерін атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар түрлі бағыттарындағы екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығы айтылды.
Бұдан бөлек, Мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
akorda.kz