Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті

24.01.2018

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында Елбасы қаңтардың 18-і күні Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты. Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен мүмкіндіктерін талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Хабарламаларға жазылу