Ұлттық банк ішкі валюта нарығында мамыр айында 728 млн долларға интервенция жүргізген. Яғни валюта бағамының күрт өзгермеуіне үлесін қосқан. Дегенмен бұл бір ай бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,1 пайызға аз. Сондай-ақ, соңғы уақытта тұрғындар да шетелдік валютаны жаппай сатып жатыр. Халық бір айдың ішінде 184 млн долларды теңгеге айырбастапты.
О.АЛПЫСБАЙ