Бауыржан Исаев - «Аяулым» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исаев - «Аяулым»

02.08.2016
Бауыржан Исаев - «Аяулым»

Әні: Төлеген Мұхамеджанов, сөзі: Шөмішбай Сариев

Дос-жаранмен түсінісіп,
Жарастым ба, білмеймін.
Құпиясын дүниенің
Жаңа аштым ба, білмеймін.
Өмір деген - қалың орман.
Адастым ба, білмеймін.

Қайырмасы: 
Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, төзімді де білмеймін.
Бір білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен-оу өтермін.


Тәңірімнен «Қуат бер!» деп,
Сұрадым ба, білмеймін.
Жан түсінбей жүрегімді,
Жыладым ба, білмеймін.
Сан сүрініп тіршілікте,
Құладым ба, білмеймін.

Қайырмасы: 
Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, төзімді де білмеймін.
Бір білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен-оу өтермін.

Ғашық дертті махабаттан,
Нәр алдым ба, білмеймін.
Дүниеге жұмбақ болып,
Жаралдым ба, білмеймін.
Бар ма, жоқ па, бақытымды
Таба алдым ба, білмеймін.

Қайырмасы: 
Өмір түгіл, өзімді де білмеймін,
Сені ойласам, төзімді де білмеймін.
Бір білерім - сені сүйген екенмін,
Сені мәңгі аялаумен-оу өтермін.

 

Хабарламаларға жазылу