Бауыржан Исаев: 2016 жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Исаев: 2016 жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады

28.10.2015
Бауыржан Исаев: 2016 жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында әнші Бауыржан Исаев қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Сұхбат барысында 2016 жылы мерейтойлық концерт беретіні туралы айтты.

«Шығармашылығымдағы басты жаңалығым – келесі жылы өнерде жүргеніме 20 жыл толады. Бұл – мен үшін үлкен мейрам. Келесі жыл – концерттік жыл болады.  Мерейтойлық кешке дайындық үстіндемін», - дейді Бауыржан Исаев.

Әншінің айтуынша, кеш Астанада өтеді.

«Концерттен бөлек елді аралау ойымда бар. Мерейтойлық концерт өткен соң, сол бағдарламамен өңірлерге баруды жоспарлаудамын», - дейді ол.  

Бауыржан Исаевтың сұхбатын толығырақ «Таңшолпаннан»  тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу