Мадридтік «Реал» 11-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридтік «Реал» 11-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

29.05.2016
Мадридтік «Реал» 11-ші рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Испандық футбол клубы  «Реал» Чемпиондар лигасының финалында пенальтиден испандық «Атлетиконы» жеңіп, 11-ші рет  жеңімпаз атанды. 

Кездесу Миланда, 80 мың адамға арналған «Сан-Пиро» стадионында өтті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты тең аяқталды - 1:1.

Гол салғандар - «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос (15-ші минут). «Атлетико» жартылай қорғаушысы Янник Феррейры-Каррасконың (79) дәл соққысымен жауап берді. 48-ші минутта «Атлетиконың» жартылай қорғаушысы Антуан Гризманн өз мүмкіндігін пайдалана алмады.  Ол  тепкен доп  қақпаның маңдайшасына тиді. 

Матч соңындағы пенальтиде «Реал» ойыншыларының соққылары қарсыластарына қарағанда дәлірек болды. Жалпы есеп - 5:3.

«Реал» Чемпиондар ликасындағы жеңістер саны бойынша рекордшы атанып отыр.  Мадридтік команда  ең айтулы еуропалық клубтық турнирдің он бірінші рет жеңімпазы атанды.

 Бұл Еуропадағы осы турнирді қатарынан бес рет жеңген ( 1956 жылдан 1960 жылдар кезеңі аралығында)  жалғыз клуб.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу