24-26 мамыр аралығында Алматыда ересектер арасында жеңіл атлетика бойынша ҚР кубогі мен чемпионаты өтіп жатыр. Додада солтүстікқазақстандық жеңіл атлеттер Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына тағы екі лицензия ұтып алды.
Мұндай жетістікке Екатерина Эктова (секіру) және Маргарита Мукашева (800 м жүгіру) қол жеткізді, деп хабарлады СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Алматыда Екатерина Эктова 14,16 м (Олимпиада лицензиясын ұтып алуға жол беретін ең төменгі көрсеткіш 14,10 м) нәтижесін көрсетсе, ал Маргарита Мукашева 800 метрді 2 минут 00,87 секунд ішінде жүгіріп өтті. Бұл Рио ойындарына лицензия алу үшін жеткілікті», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осыған дейін үш қарғып секіруден Ирина Эктова Олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды.