Карина Ибрагимова олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Карина Ибрагимова олимпиада ойындарына лицензия ұтып алды

02.10.2023

Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова, келесі жылы Парижде өтетін Олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Азия ойындарында 57 келі салмақ дәрежесінде ақмолалық Карина Ибрагимова моңғолиялық қарсыласын басым түсіп, жартылай финалға өтті. Осылайша ол Ақмола боксының тарихындағы Олимпиада ойындарына алғашқы жолдаманы қанжығалады. Бапкері негізгі мақсаттарына жеткендерін, дегенмен мұнымен тоқтамайтындарын айтып отыр. 27 жастағы Карина Ибрагимова 2022 жылғы Азия чемпионы, сонымен қатар екі рет әлем чемпионатының жүлдегері атанған болатын. 

Хабарламаларға жазылу