ҚМДБ: Биыл Ораза айы 29 күнге созылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар ҚМДБ: Биыл Ораза айы 29 күнге созылады

ҚМДБ: Биыл Ораза айы 29 күнге созылады

Бейне қолжетімді емес

Бүгін Алматы қаласында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісі өтті.

Мәжіліс жұмысына ғұлама-ғалымдар, Діни басқарманың облыстардағы өкіл имамдары қатысты. Басқосуда Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды.

Биыл хижри күнтізбесі бойынша Ораза 29 күнге созылады. Ал Рамазан айы 2016 жылдың 6 маусымында басталады, деп хабарлады muftyat.kz сайты.

 

Бөлісу