Ағылшынның Ноттингем графтығында елдегі соңғы темекі фабрикасы жабылды. Сарапашылардың пайымдауынша, кәсіпорынға иелік еткен Imperial Tobacco компаниясы енді шығыс еуропалық және азиялық нарықтарға көшуі мүмкін, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Компания 1972 жылы іргетасы қаланған фабриканың сатылатыны жөнінде бірнеше ай бұрын жария етілген. Imperial Tobacco өз зауыттарын біртіндеп жұмыс күнші арзандау басқа елдерге көшіріп жатыр.
Зауыт жылына ең көбі 52 млрд темекі шығаратын, бірақ, кәсіподақ өкілі Крис Нидхэмнің атап өтуінше, сол кезден бері Британияда темекіге деген сұраныс өте қатты төмендеген.
Imperial Tobacco Group - көлемі жағынан әлемдегі төртінші компания, British American Tobacco тобының екі құрылтайшысының бірі.