Ұлыбританияда коронавирусқа байланысты аурухана жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда коронавирусқа байланысты аурухана жабылды

12.02.2020

Ұлыбританияда коронавирусты жұқтырған дәрігерге байланысты аурухана карантинге жабылды. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Брайтон қаласында болды. Сингапурге барып келген соң, мекеме дәрігері тексеруден өткізіліп, вирусқа жасалған тест нәтижесі оң болып шыққан. Қазір ол Лондон госпиталінде арнайы ем қабылдап жатыр. 

Бұл – Британияда жұқпалы инфекцияның таралу қаупіне байланысты жабылған үшінші аурухана. Жергілікті билік дезинфекциялық шаралар толықтай жүргізілген соң, олардың жақын күндері қайта ашылатынын мәлімдеп деп отыр. 

Жансая Қапасқызы

Хабарламаларға жазылу