Алматыда толассыз жауған жаңбырдан 127 жеке үйдің ауласы суға толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда толассыз жауған жаңбырдан 127 жеке үйдің ауласы суға толды

17.05.2016
Алматыда толассыз жауған жаңбырдан 127 жеке үйдің ауласы суға толды

Кеше кешкі 16:00-ден бастап толассыз жауған жауын салдарынан ТЖД «112» қызметіне шұғыл қоңыраулар келе бастаған. 

«Барлығы жеке үйлердің ауласын су басқаны жайлы 127 дерек бар. Олардың көпшілігі Алатау ауданында болған. Мұнда 87 аула суға қалса, Наурызбай ауданында  17, Жетісу ауданында  15, Медеу ауданында - 5, Түрксіб ауданында 3 ауланы су алған. Жалпы алғанда 18 үйдің ауласы мен 109 аула аймағы судың астында қалды», - деді Р.Иманқұлов. 

Қазіргі таңда оқиға орнында қалалық ТЖД апатты қалпына келтіру жасағы, Құтқару қызметі, аудандық ТЖД бөлімінің қызметкерлері, инженерлік қызмет, сумен қамту қызметі жұмыс жасап жатыр. Барлығы 180 адам, 53 техника жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ.

Айта кету керек, бүгін әрі ертең де төтенше жағдай қауіптілігі сақталады. Қазгирометтің болжауынша, бүгін Алматы мен облыста, ОҚО мен Жамбыл облыстарында көп мөлшерде жауын-шашын түсуі ықтимал.

Хабарламаларға жазылу