«Қазақтілді кәсіби журналистер»  қоғамдық бірлестігі  құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтілді кәсіби журналистер»  қоғамдық бірлестігі  құрылды

12.01.2017
«Қазақтілді кәсіби журналистер»  қоғамдық бірлестігі  құрылды

Елімізде қазақ журналистерінің жаңа бірлестігі құрылды.  

«Қазақтілді кәсіби журналистер»  қоғамдық бірлестігі  журналистердің кәсіби тұрғыда жан-жақты дамуына, білімін жетілдіруіне және бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етуді көздейді, деп хабарланған аталмыш ұйымның таратқан ақпаратында.

Бірлестік мемлекеттік мекемелер, ұлттық компаниялар және қаржылық институттармен бірге тақырыптық дәрістер өткізу арқылы журналистердің салалық білім деңгейін көтеруге, маңызды ақпараттарға қолжетімділігін арттыруға ықпалдасады.

«Жалпы, бірлестіктің негізгі мақсаты - қазақ журналистерінің кәсіби деңгейі мен мәртебесін көтеру»,-дейді ұйым өкілдері.

Айта кетейік, Қазақстанда қазір 2600-ден астам БАҚ, соның ішінде, 250-ден астам электрондық бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Хабарламаларға жазылу