Павлодарда «Айбын» облыстық үйлестіру кеңесі құрылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Айбын» облыстық үйлестіру кеңесі құрылды

16.02.2016
Павлодарда «Айбын» облыстық үйлестіру кеңесі құрылды
Негізгі жұмысы – жастарды отаншыл рухта тәрбиелеп, әскери тәртіпке бейімдеу.

Павлодарда «Айбын» облыстық үйлестіру кеңесі құрылды. Негізгі жұмысы - жастарды отаншыл рухта тәрбиелеп, әскери тәртіпке бейімдеу. Осы мақсатпен «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігі, «Десанттық бауырластық» одағы, «Қазбат» бітімгершілік батальоны ардагерлерінің бірлестігі және «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектерінің» қоғамдық қоры бір шаңырақ астына бірікті.

Енді олар барлық білім ошақтарында спорт және әскери дайындықтан өзге, өскелең ұрпақ бойына ұлттық болмысты, адамгершілік қасиетті қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс атқармақ.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу