В.Матвиенко: Н.Назарбаев Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

В.Матвиенко: Н.Назарбаев Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысуға ниетті

12.05.2016
В.Матвиенко: Н.Назарбаев Петербор халықаралық экономикалық форумына қатысуға ниетті

«Қазақстан Президенті Петербор халықаралық экономикалық форумына келуге ниетті екенін мәлімдеді», - деді спикер. Оның айтуынша, қазір ПХЭФ аясында «Ресей-Қазақстан» экономикалық форумын өткізу мүмкіндігі туралы мәселе пысықталып жатыр.

«ҚР Президенті ресейлік ірі компания басшыларымен кездесуге ниетті», - деді спикер.

«Бұл Қазақстанның Ресеймен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі нығайту және кеңейтуге мүдделі екенін тағы бір мәрте дәлелдей түседі», - деп сөзін түйіндеді ФК басшысы.

Жиырмасыншы ПХЭФ Санкт-Петербор жанындағы Шушарах алаңында 16-18 маусымда өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу