Елбасы көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

06.05.2016
Елбасы көрнекті композитор, жазушы, зерттеуші Ілия Жақановтың 80 жасқа толуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ел арасына кең тараған «Әселім-әнім», «Жайлаукөл кештері», «Еділ мен Жайық» және басқа танымал әндеріңіз арқылы бірнеше буынның құрметіне бөлендіңіз. Қаламыңыздан туған әдеби туындылар өнердегі қайталанбас тұлғалардың бейнесін сомдап, оларды жас ұрпаққа үлгі етуімен ерекшеленеді. Сіздің айрықша жетістіктеріңіз жоғары марапаттармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы І.Жақановқа шығармашылық табыс және зор денсаулық, отбасына бақ-береке тіледі.

 

Хабарламаларға жазылу